Алатау – Қазақстанның Алматы облысында орналасқан, 2024 жылы құрылған және 2026 жылы жеке Конституциялық заң негізінде «даму қарқыны озық қала» ретінде арнаулы құқықтық режимге ие болған жаңа қала.
Бұл құжаттар қаланың қалыптасу кезеңдеріне қарай әртүрлі уақытта қабылданды. 2023 жылы болашақ қала аумағында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылып, кейін «Alatau» АЭА болып қайта аталды. 2024 жылы Президент Жарлығымен Алатау қаласы құрылды, ал 2026 жылы Конституциялық заң оның даму қарқыны озық қала ретіндегі арнаулы құқықтық режимін белгіледі.
Бұл беттегі құжаттар түріне және оларды қабылдаған органға байланысты топтастырылған: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, қала Кеңесі мен әкімшілігінің шешімдері. Әр топта алдымен негізгі заң немесе қаулы, одан кейін оған енгізілген кейінгі өзгерістер беріледі. Жаңа құжаттардың қабылдануына және күшіне енуіне қарай бөлім тұрақты түрде жаңартылып отырады.