Алатауда қайда жүгінуге болады?
Алатауда қай органға жүгіну керектігі мәселенің сипатына байланысты. Инвестициялар, резидент мәртебесін алу және жобалар бойынша – Alatau City Authority-ге, коммуналдық қызметтер, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша – Алатау қаласының әкімдігіне, ал қала бюджеті мен жергілікті маңызы бар шешімдер бойынша мәслихатқа жүгіну қажет.

Мемлекеттік органдар бойынша навигатор
- Alatau City AuthorityИнвестициялар, бизнес, резидент мәртебесі
- Алатау қаласының әкімдігіКүнделікті тұрмысқа қатысты мәселелер
- Алатау қаласының мәслихатыҚала бюджеті, жергілікті мәселелер бойынша шешімдер және депутаттарға өтініштер
- Алатау қаласының кеңесіҚаланың даму стратегиясы және арнаулы құқықтық режим
1. Инвестициялар, бизнес, резидент мәртебесі
Егер сіз Алатауға инвестиция салуды, бизнес ашуды, резидент мәртебесін алуды немесе арнаулы құқықтық режим аясында жоба іске асыруды жоспарласаңыз, Alatau City Authority-ге жүгініңіз.
Alatau City Authority – арнаулы құқықтық режим аясында қаланың дамуына жауап беретін Алатау қаласының әкімшілігі. ACA инвесторлар мен резиденттерге қолдау көрсетеді және арнаулы құқықтық режимнің шарттары бойынша кеңес береді.
- ACA сайты: alataucity.kz
- Электрондық пошта: info@alataucity.kz
2. Күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелер
Алатау қаласының әкімдігі қаланың күнделікті тіршілігіне қатысты барлық мәселелерге жауап береді: коммуналдық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолдар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және азаматтардың өтініштерін қарау.
- Қала әкімі: Аркен Хамитұлы Өтенов
- Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (72752) 505-98
- Электрондық пошта: a.utenov@almobl.gov.kz
- Сайты: gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau
- Мекенжайы: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 2
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 09:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00)
- Азаматтардың өтініштері: eOtinish жүйесі, egov.kz порталы арқылы немесе әкімдіктің мекенжайына жазбаша түрде
3. Қала бюджеті, жергілікті мәселелер бойынша шешімдер және депутаттарға өтініштер
Қала бюджеті, жергілікті салықтар мен алымдар, жергілікті маңызы бар нормативтік актілер, сондай-ақ депутаттарға өтініш беру мәселелері Алатау қаласы мәслихатының құзыретіне жатады.
- Төрағасы: Роза Михайлқызы Әбілова
- Кеңсе телефоны: +7 (72752) 505-98
- Электрондық пошта: maslikhat.alatau@mail.ru
- Сайты: gov.kz/memleket/entities/maslihat-alatau
- Мекенжайы: Алатау қаласы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 2
- Депутаттардың азаматтарды қабылдау кестесі: мәслихаттың сайтында
- Электрондық өтініштер: eOtinish жүйесі арқылы
4. Қаланың даму стратегиясы және арнаулы құқықтық режим
Алатаудың даму стратегиясына, арнаулы құқықтық режимді іске асыруға және институционалдық шешімдерге қатысты мәселелер Алатау қаласы кеңесінің құзыретіне жатады.
Кеңес азаматтарды тікелей қабылдамайды. Инвестициялар мен қаланы дамытуға қатысты мәселелер бойынша Alatau City Authority-ге жүгіну қажет.
Жүгіну мәселелері бойынша ақпарат
| Мәселе | Жауапты орган | Байланыс |
|---|---|---|
| Инвестициялар, резидент мәртебесі, жобалар | Alatau City Authority | alataucity.kz |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар, абаттандыру | Әкімдік | Әкімдік сайты |
| Білім беру, медицина, әлеуметтік қорғау | Әкімдік | Әкімдік сайты |
| Қала бюджеті, жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер | Мәслихат | Мәслихат сайты |
| Депутаттарға өтініш беру | Мәслихат | maslikhat.alatau@mail.ru |
| Даму стратегиясы, құқықтық режим | Кеңес / ACA | ACA арқылы |
| Электрондық мемлекеттік қызметтер | Электрондық үкімет порталы | egov.kz |
| Электрондық өтініштер | Әкімдік / Мәслихат | eOtinish |