Алатау қаласы туралы

Alatau City

Алатау – Қазақстанның Алматы облысында орналасқан, Орталық Азиядағы арнаулы құқықтық режимі бар алғашқы цифрлық қала ретінде дамып келе жатқан жаңа қала. Қаланың аумағы шамамен 88 000 гектарды құрайды. Бұл Қазақстан тарихындағы кешенді даму жөніндегі ірі жобалардың бірі. 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, Алатау халқының саны 1,87 миллион адамға жетеді.

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Алатау қаласының (Alatau City) Еуропадағы инвестициялық роуд-шоуын аяқтады. Лондон, Берлин және Майндағы Франкфурт қалаларында өткен іскерлік сапар қорытындысында жалпы инвестициялық әлеуеті 2 млрд АҚШ долларынан асатын 27 коммерциялық құжаттан тұратын топтама қалыптасты. Германиядағы кездесулер нәтижесінде инвестициялық әлеуеті 715 млн АҚШ долларын құрайтын 18 келісімге қол қойылды. Олардың қатарында Германияның KfW және AKA Bank қаржы институттарымен банктік қаржыландыру жөніндегі уағдаластықтар бар.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Майндағы Франкфуртте өткен Alatau City Investment Round Table дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп тұр.

Берлинде өткен инвестициялық роуд-шоу аясында Алатау қаласын дамытуға қатысты өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс, медицина, қалалық қауіпсіздік және ұшқышсыз технологиялар бағыттары бойынша 11 келісімге қол қойылды. Роуд-шоу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Германияның федералдық мемлекеттік органдары, салалық бірлестіктер мен ірі компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Кездесулерде Алатау қаласындағы өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және қалалық инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Германияның инвестициялары мен технологияларын тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан, Еуропалық одақ және Германия тулары. Берлиндегі Alatau City роуд-шоуы. Германия Федералдық тұрғын үй министрлігі.

2026 жылдың 2 қарашасында Лондонда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания үкіметінің, Standard Chartered халықаралық банк тобының, Ұлыбританияның экспорттық-кредиттік агенттігі (UK Export Finance, UKEF) мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулерде Alatau City-дің энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылымын қаржыландыру, британдық технологияларды тарту, сондай-ақ білім беру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Ұлыбритания өкілдері екі елдің тулары мен Ұлыбритания елтаңбасы аясында қол алысып тұр.

2026 жылдың 2 қарашасында Лондонда Alatau City Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Бұл жиын Алатау қаласын дамытуға халықаралық инвестиция тарту жөніндегі Еуропа роуд-шоуының басталуына негіз болды. Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық серіктестермен жалпы инвестициялық әлеуеті 1,3 млрд долларды құрайтын 9 келісімге қол қойылды. Келісімдер инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, білім беру саласындағы бастамаларды пысықтау, медициналық инфрақұрылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қамтиды. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Лондонда 2026 жылғы 2 қарашада өткен Alatau City Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелінде Алатауды дамыту жөніндегі келісімдерге қол қою

Новость 1 из 4

Қала аудандары

Алатау төрт негізгі ауданға бөлінеді. Әр ауданның өзіндік мамандануы, тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік инфрақұрылымы бар.

Green District

[ туризм және демалыс ]

Қонаев қаласының оңтүстігінде, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан туристік-рекреациялық кластер.

Аудан жыл бойы жұмыс істейтін курорт ретінде жобаланған. Мұнда жағалау аймағы, ойын-сауық саябақтары, қалалық жағажайлар, дайвинг және гольф клубтары болады. Су қоймасының жағалауындағы биіктігі 30 қабаттан асатын көпфункционалды кешен ауданның сәулеттік нышанына айналады.

Аумағы: 31 730 га.

2050 жылға қарай болжамды туристер ағыны: жылына 3,5 млн адамға дейін.

Алматыдан ұшақпен бес сағатта жетуге болатын аумақта шамамен 2 млрд адам тұрады. Бұл Green District ауданының туристік әлеуетін арттырады.

Толығырақ

Growing District

[ өнеркәсіп және логистика ]

Алатаудағы аумағы ең үлкен аудан. Алматы – Қонаев автожолының жолайрығы мен Жетіген – Қазыбек бек теміржол желісіне жақын, стратегиялық көлік торабында орналасқан.

Аудан Орталық Азия, Қытай және Еуропаның көлік дәліздеріне шығатын, экспортқа бағдарланған индустриялық-логистикалық аймақ ретінде жобаланған. Мұнда заманауи өндіріс орындары, ірі логистикалық хаб және кәсіптік-техникалық білім беру институты қарастырылған.

Аумағы: 36 622 га.

Негізгі нысан: жылына 40 млн жолаушыға дейін қызмет көрсетуге есептелген «Алатау» халықаралық әуежайын салу жоспарланып отыр.

Толығырақ

Administrative City Center

[ білім, ғылым және мәдениет ]

Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы А3 автожолының бойында орналасқан Алатаудың мәдени-білім беру ауданы. Мұнда 40 мың студентке арналған академиялық қалашығы бар университет кампустары, халықаралық деңгейдегі көпсалалы медициналық кластер және қоғамдық кеңістіктер орналасады.

Аумағы: 15 660 га.

Негізгі нысан: K-PARK – мәдени-іскерлік орталық әрі Қазақстандағы корей мәдениетіне арналған алғашқы тақырыптық саябақ. Құрылысы 2025 жылғы 12 қыркүйекте басталды.

Толығырақ

Gateway District

[ қаржы және іскерлік орталық ]

Алатаудың Алматы қаласымен тікелей шектесетін оңтүстік ауданы. Қаланың іскерлік және қаржы орталығы ретінде халықаралық кеңсе кешендері, сауда галереялары мен бизнес-инфрақұрылым орналастырылады.

Аумағы: 3 988 га.

Негізгі нысан: Iconic Complex – американдық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросының жобасы бойынша салынатын биіктігі 272 және 78 метр болатын екі мұнара. Жобаны 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

Толығырақ

Район 1 из 4

Алатау қаласының YouTube-арнасы. Әуе көлігі мен алғашқы зәулім ғимараттың құрылысынан бастап, арнаулы құқықтық режимге дейінгі қала өміріндегі маңызды жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы видеоларды Alatau Online арнасынан көріңіз. Арнаға жазылыңыз!

Жедел даму аумағы

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Алатау қаласында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң кезең-кезеңімен күшіне енеді. Арнаулы режим Alatau City Authority арқылы дербес басқару жүйесін қалыптастыруды, «Digital by default» қағидатын енгізуді, инвестицияларды қорғауды және цифрлық активтерді реттеу мүмкіндігін көздейді. Қала бюджеті 2050 жылға дейін қаражаттың мақсатсыз алынуынан қорғалған.

Панорама территории ускоренного развития города Алатау

Жобалар

Алатауда цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, финтех, өнеркәсіп және қалалық әуе көлігі салаларындағы жобалар жүзеге асырылуда. eVTOL аэротаксилерінің алғашқы коммерциялық рейстері 2028 жылға жоспарланған.

53

инвестициялық жоба

Цифрлық инфрақұрылым мен қалалық сервистерді дамыту жобалары

2

трлн теңге

Алатау жобаларын дамытуға бағытталған инвестиция көлемі

55 000-нан астам

жұмыс орны

Жобаларды іске асыру аясында ашылатын жаңа жұмыс орындары

Аэротакси eVTOL на взлётной полосе
Панорама территории развития Алатау
Проект городского центра Алатау

Слайд 1 из 3