Инвестиция салуды қалай бастау керек
Алатауға инвестиция салу үшін алдымен жобаның бағыты мен оған қатысу форматын таңдау қажет. Бұдан кейінгі қадамдар қызмет түріне байланысты болады және резидент мәртебесін, бизнес-лицензияны, жер учаскесін және қажетті рұқсаттарды алуды қамтуы мүмкін. Инвесторлармен өзара іс-қимыл «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған.

Неден бастау керек
Әр инвестициялық жобаны іске асыру шарттары оның ауқымы, параметрлері және таңдалған қатысу нысаны ескеріле отырып айқындалады. Бастапқы кезеңде арнаулы құқықтық режимнің нақты жобаға қандай талаптары қолданылатынын, оны іске асыру үшін қандай құжаттар мен рұқсаттар қажет екенін анықтау маңызды.
Қалада арнаулы құқықтық режимнің нормативтік базасын қалыптастыру жұмысы жалғасып жатыр. Сондықтан жекелеген рәсімдер мен талаптар тиісті актілер қабылдануына қарай нақтылануы мүмкін.
1
Алатауда жұмыс істеу шарттарымен танысыңыз
Жобаның параметрлерін айқындамас бұрын Алатаудың арнаулы құқықтық режимімен, қала дамуының басым бағыттарымен, салық шарттарымен және инвесторларға берілетін кепілдіктермен танысыңыз.
Жоспарланған қызметтің басым бағыттарға жататынын және жобаның нақты түріне қандай талаптар қолданылатынын бөлек тексерген жөн.
Толығырақ Alatau Online сайтында: «Алатаудың құқықтық режимі», «Басым салалар», «Инвесторларға арналған кепілдіктер», «Салықтық преференциялар».
2
Қатысу форматын айқындаңыз
Жобаңызға сәйкес келетін форматты таңдаңыз: девелопмент және жылжымайтын мүлік, өнеркәсіптік өндіріс, технологиялық немесе логистикалық жоба, финтех және цифрлық сервистер, білім беру, ғылым және медицина, туризм және рекреация немесе инфрақұрылымдық әріптестік. Нақты жоба бірнеше форматты біріктіруі мүмкін.
Таңдау кезінде аумақтың мамандануын, жер учаскесі мен инфрақұрылымға қажеттілікті, қызмет түріне қойылатын талаптарды және инвестордың Алатауда қызмет жүргізу нысанын ескерген жөн.
Толығырақ Alatau Online сайтында: «Инвесторлардың қатысу форматтары», «Инфрақұрылымдық база».
3
Бастапқы консультацияға жүгініңіз
Бастапқы кезеңде инвестор жобаның негізгі параметрлерін ұсынып, одан әрі қандай қадамдар жасау керектігі жөнінде кеңес ала алады. Бұл қолданылатын талаптарды, ықтимал қолдау шараларын, жер учаскесі мен инфрақұрылымға қажеттілікті, сондай-ақ жобаны рәсімдеу үшін қажет құжаттар құрамын айқындауға мүмкіндік береді.
Инвесторлармен өзара іс-қимыл «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл негізгі рәсімдерді орталықтандыруға мүмкіндік береді.
4
Жоба құжаттарын дайындаңыз
Құжаттар топтамасының құрамы нақты жобаға қолданылатын рәсімге байланысты. Алатау резиденті мәртебесін және бизнес-лицензия алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар қаланың арнаулы құқықтық режимі шеңберінде белгіленеді.
Бизнес-лицензиялаудың толық тәртібі бекітілгенге дейін, өтінім берер алдында құжаттардың қазіргі тізімін тексеріп алу қажет.
5
Құжаттарды тапсырыңыз
Қажетті құжаттар топтамасы дайын болғаннан кейін құжаттар нақты жобаға қолданылатын рәсімге сәйкес тапсырылады. Алатау аумағында негізгі бизнесін жүргізу үшін заңды тұлғаға резидент мәртебесі мен бизнес-лицензия қажет. Қызметтің жекелеген реттелетін түрлеріне реттеуші лицензиялар немесе рұқсаттар да талап етілуі мүмкін.
Құжаттарды қарау мерзімі мен тәртібі өтініш берілген кездегі қолданыстағы рәсімдер мен талаптарға сәйкес айқындалады.
Алғашқы өтініш
Егер жоба бастапқы кезеңде болса, инвестор құжаттардың толық топтамасын дайындамай-ақ, алдын ала консультация алу үшін жүгіне алады. Бұл кезеңде жоба туралы негізгі ақпаратты ұсыну жеткілікті. Alatau City Authority қолайлы алаңды, қолданылатын режимді және ықтимал қолдау шараларын айқындауға көмектеседі.
Алғашқы өтініш беру және қолданыстағы рәсімдер туралы өзекті ақпарат алу үшін alataucity.kz сайтына өтіңіз.