Алатау қаласын үш орган басқарады: Alatau City Authority әкімшілігі, мәслихат және әкімдік. Мұндай басқару жүйесі «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңмен белгіленген. Alatau City Authority-дің жоғары басқару органы – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі төрағалық ететін Алатау қаласының кеңесі. Кеңес қаланың стратегиялық құжаттары мен инвестициялық жобаларын бекітеді.
Алатау қаласының басқару жүйесі
Алатау қаласын «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңда айқындалған үш орган басқарады: Alatau City Authority (ACA) әкімшілігі, мәслихат және әкімдік. Мәслихат пен әкімдік – Қазақстанның барлық қалаларындағыдай өкілді және атқарушы органдар. Ал Alatau City Authority – тек Алатау қаласы үшін құрылған ерекше мемлекеттік орган. Ол арнаулы құқықтық режим аясында стратегиялық жоспарлауға, реттеуге, жобаларды іске асыруға және бақылауға жауап береді. ACA-ның жоғары басқару органы – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі төрағалық ететін Алатау қаласының кеңесі.

Алатау қаласының басқару органдары

Қаланың басқару жүйесі
Система управления Алатау построена на разделении двух функций: стратегического развития города и его повседневного администрирования. Первое обеспечивают Совет города Алатау и администрация Alatau City Authority (АСА), второе – акимат и маслихат.
ТолығырақАлатау қаласының кеңесі
Alatau City Authority-дің жоғары басқару органы әрі тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган. Қаланың ұзақ мерзімді даму жоспары, мастер-жоспары және даму стратегиясы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілері секілді стратегиялық құжаттарды бекітеді. Кеңес төрағасы – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов.
ТолығырақAlatau City Authority (ACA)
Алатау қаласының әкімшілігі – қаланың стратегиялық дамуына және арнаулы құқықтық режимнің іске асырылуына жауап беретін ерекше мемлекеттік орган. ACA инвесторларды тартады, инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді және Бас жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді. Арнаулы құқықтық режим аясында қолданылатын қағидаларды әзірлеуге қатысады және олардың сақталуын бақылайды. Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша инвесторлармен, девелоперлермен және жобалардың басқа да қатысушыларымен өзара жұмыс жасайды. Бас атқарушы директор (CEO) – Әлішер Әбдіқадыров.
ТолығырақАлатау қаласының мәслихаты
Жергілікті өкілді орган. Қала бюджетін бекітеді және жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Төрағасы – Роза Михайлқызы Әбілова.
ТолығырақАлатау қаласының әкімдігі
Әлеуметтік салаға, коммуналдық шаруашылыққа, қалалық инфрақұрылымға және азаматтардың өтініштерін қарауға жауап беретін жергілікті атқарушы орган. Қала әкімі – Аркен Өтенов. Ол – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі және Алатау қаласының кеңесі мен мәслихатына есеп береді.
ТолығырақҚайда жүгінуге болады?
| Мәселе | Жауапты орган |
|---|---|
| Инвестициялық жобалар, резидент мәртебесін алу | Alatau City Authority |
| Коммуналдық қызметтер, абаттандыру | Алатау қаласының әкімдігі |
| Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау | Алатау қаласының әкімдігі |
| Қала бюджеті, жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер | Алатау қаласының мәслихаты |
| Қаланың даму стратегиясы | Алатау қаласының кеңесі (ACA арқылы) |

