Алатау қаласы туралы

Басым салалар

Алатауда инвестиция тартудың он басым бағыты айқындалған. Олар жылжымайтын мүлік пен өнеркәсіптен бастап, жасанды интеллект, Web3, қалалық әуе мобильдігі және биотехнологияларға дейінгі салаларды қамтиды. Бұл басымдықтар төрт ауданның мамандануына, қаланың көлік-логистикалық орналасуына, сондай-ақ жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін арнаулы құқықтық режимге негізделген. Қазақстан Президенті IT-секторды, өнеркәсіпті, көлік пен логистиканы, туризмді, медицинаны және білім беруді басым салалар ретінде атады.

Городская застройка Алатау

Алатау неге өзіндік салалық бейін қалыптастырып жатыр?

Алатаудың салалық дамуы екі бағытты қамтиды.

Бірінші бағыт қаланың өзін дамытуға қатысты. Оған жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, өнеркәсіп, логистика, ғылым мен білім беру, медицина және туризм салалары кіреді.

Екінші бағыт жасанды интеллект, Web3, финтех және қалалық әуе мобильдігі сияқты жаңа технологиялық нарықтарды біріктіреді. Бұл бағыттарды дамыту үшін Алатауда тиісті инфрақұрылым мен реттеуші орта қалыптастырылып жатыр.

Мұндай тәсіл жаңа қаланың құрылысы мен жұмыс істеуіне қажетті салаларды дамытумен қатар, болашақта оның технологиялық мамандануына негіз болатын жаңа бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инвестиция тартудың басым бағыттары

01

Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым

Алатау шамамен 88 000 га аумақта жаңадан салынып жатқандықтан, жылжымайтын мүлік пен қалалық инфрақұрылым инвестиция салудың негізгі бағыттарына жатады. Қала дамыған сайын тұрғын үй, коммерциялық нысандар, кеңселер мен қонақүйлерге, сондай-ақ жаңа іскерлік, өнеркәсіптік және қоғамдық аймақтардың инфрақұрылымына сұраныс қалыптасады.

Төрт ауданның әрқайсысы девелопмент үшін өзіндік мүмкіндіктер ұсынады. Gateway District іскерлік және қаржылық жылжымайтын мүлікке, Administrative City Center білім беру және медициналық инфрақұрылымға, Growing District өнеркәсіптік және логистикалық нысандарға, ал Green District туристік және рекреациялық инфрақұрылымға бағдарланған.

02

Өнеркәсіп

Growing District Қазақстанды Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарықтарымен байланыстыратын көлік бағыттарына қолжетімді, экспортқа бағдарланған индустриялық аймақ ретінде жобаланып жатыр. Мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін экологиялық таза өндірістерге басымдық беріледі.

Алатауда Mars және PepsiCo компанияларын қоса алғанда, ірі халықаралық өндірістік компаниялар жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіптік жобалар үшін арнаулы құқықтық режим 30 жылға дейінгі салықтық преференциялар ұсынады.

03

Логистика

Алатаудың Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойында және Қорғас құрғақ портынан шамамен 300 км қашықтықта орналасуы логистикалық және экспортқа бағдарланған жобаларды дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Growing District аумағында ірі логистикалық хаб құру көзделген. Алатаудың Бас жоспарында жылына 40 млн жолаушыға дейін қызмет көрсетуге есептелген «Алатау» халықаралық әуежайының құрылысы да қарастырылған. Әуе жүк тасымалын дамыту үшін әуежай құрамында 500 га логистикалық аймақ жоспарланған.

04

Қаржылық технологиялар

Қаржылық технологиялар Алатауды дамытудың басым бағыттарының бірі саналады. Қаланың арнаулы құқықтық режимі төлем сервистерімен, цифрлық қаржы құралдарымен және бизнес пен қала экономикасына арналған басқа да технологиялық шешімдермен жұмыс істейтін финтех-компанияларға мүмкіндік береді.

Қосымша мүмкіндіктер CryptoCity жобасын дамытуға, цифрлық активтер мен жаңа қаржылық сервистерге арналған реттеуші ортаны қалыптастыруға байланысты. Тағы бір маңызды фактор – Қазақстанның ірі қаржы орталығы Алматыға жақын орналасуы. Бұл дамыған қаржы секторына, инвесторлар мен білікті мамандарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

05

Web3 және цифрлық активтер

Алатау цифрлық активтерді реттеудің жаңа модельдері мен оларға қатысты сервистерді сынақтан өткізу жоспарланған CryptoCity алаңы ретінде айқындалған. Alatau CryptoCity тұжырымдамасы аясында Web3 экожүйесін дамыту және активтерді токенизациялау жобаларын іске қосу көзделген. Токенизация бойынша алғашқы жобаларды іске асыру және резиденттер тарту 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған. CryptoCity жұмысының нақты қағидалары мен тетіктері әзірлену үстінде.

06

Жасанды интеллект

Alatau AI-Driven City тұжырымдамасы қалалық инфрақұрылымды нақты уақыт режимінде басқару үшін қаланың цифрлық егізін, Big Data технологиялары мен жасанды интеллектіні қолдануды көздейді. Қала дамыған сайын инфрақұрылымды, көлікті, энергетиканы және қауіпсіздікті басқаруға арналған AI-шешімдерге сұраныс артады.

K-Smart City жобасы аясында «ақылды қала» технологиялары мен Оңтүстік Корея тәжірибесі қолданылатын, аумағы 330 га пилоттық аудан құру жоспарланған.

07

Low Altitude Economy (қалалық әуе мобильдігі)

Алатау – жолаушылар тасымалдайтын eVTOL әуе аппараттарын, ұшқышсыз жеткізу жүйелерін және төмен биіктіктегі әуе кеңістігін басқарудың цифрлық жүйелерін қамтитын қалалық әуе мобильдігін дамытуға арналған пилоттық аймақ. 2026 жылдың 19 мамырында мұнда Орталық Азиядағы алғашқы eVTOL аэротаксиінің демонсьрациялық ұшуы өтті. Коммерциялық тасымалды 2028 жылдың соңында – 2029 жылдың басында іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде алты вертипорт салу көзделген.

2026 жылы Қазақстан озық әуе мобильдігін дамытуға арналған құқықтық негізді алғаш рет қалыптастырды. Онда eVTOL аппараттары мен вертипорттардың мәртебесі, сондай-ақ әуе кемелері мен ұшқышсыз жүйелерді сертификаттау талаптары бекітілді.

08

Биотехнологиялар және денсаулық сақтау

Administrative City Center халықаралық деңгейдегі көпбейінді медициналық орталығы бар медициналық және ғылыми кластер ретінде қалыптасып жатыр. Бұл бағыт медициналық технологияларды, биотехнологиялық зерттеулер мен әзірлемелерді, сондай-ақ медициналық туризмді қамтиды.

Медициналық ұйымдары, университеттері мен ғылыми базасы бар Алматыға жақын орналасуы денсаулық сақтау және биотехнология салаларындағы жобаларды дамытуға қажетті мамандар мен құзыреттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

09

Білім беру және ғылым

Administrative City Center аумағында 40 мың студентке арналған академиялық қалашығы бар Халықаралық білім беру, денсаулық сақтау және спорт орталығын құру жоспарланған. Бұл бағыт университет кампустарын, зерттеу орталықтарын, білім беру платформаларын және қаладағы өнеркәсіптік әрі технологиялық жобалардың қажеттілігіне сай мамандар даярлайтын инфрақұрылымды қамтиды.

Негізгі жобалардың бірі – Кореяның ғылым және технологиялар жөніндегі озық институтының (KAIST) филиалы. Университет жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инженерия салаларында мамандар даярлауға әрі зерттеулер жүргізуге бағдарланады.

10

Туризм және ойын-сауық

Қапшағай су қоймасының жағалауындағы Green District жыл бойы жұмыс істейтін туристік және рекреациялық кластер ретінде қалыптасып жатыр. Бұл бағыт қонақүй инфрақұрылымын, курорттарды, ойын-сауық саябақтарын, спорт нысандары мен оқиғалық туризмді қамтиды.

Green District-тің дамуы Алатаудың туристік инфрақұрылымындағы негізгі бағыттардың біріне айналады. 2050 жылға қарай қалаға келетін туристердің жалпы саны жылына 4 млн адамнан асады деп жоспарланған.

Негізгі деректер

Басым инвестициялық бағыттар

10

Экономикалық мамандануы әртүрлі аудандар

4

Инвестициялық портфель

67 жоба, 6,9 млрд АҚШ долларынан астам (2026 жылдың ортасындағы жағдай бойынша)

Салықтық преференциялардың ең ұзақ мерзімі

30 жылға дейін

Administrative City Center-дегі академиялық қалашық

40 мың студент

K-Smart City пилоттық ауданы

330 га

Бірінші кезеңде салынатын вертипорттар саны

6

2050 жылға қарай туристер ағыны

жылына 4 млн адамнан астам

Жиі қойылатын сұрақтар